Сақтандыру компанияларының соңғы болған Харви, Ирма және Мария дауылдары мен Мексикадағы екі жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмсаған қаржысы 95 млрд $ бағаланды. Мұндай есепті ұсынған швейцариялық Swiss Re сақтандыру компаниясы өз шығыны 3,6 млрд $ жуықтайтынын хабарлады. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Харви дауылы тамыз айының соңында Техас пен Луизиананың бір бөлігіне айтарлықтай шығын келтіріп, Хьюстон қаласын су басуына себепкер болды. Қыркүйек айында Ирма дауылы Флоридаға, ал Мария дауылы Пуэрто-Рикоға жетті. Дәл осы уақытта Мексикада ірі жер сілкінісі болып, көптеген адамдар қаза тапты.
Сақтандыру компаниялары табиғи апаттардың салдарын өте үлкенге балап отыр. Олар дауыл мен жер сілкінісінен зардап шеккен компания тұтынушыларының мәселесін бірінші кезекте қарастырып, келісімшартқа сәйкес шаралар қабылдайтынын жеткізді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?