Алматыда жастарға арналған «Алматы Жастары» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы барысында 35 жасқа дейінгі алматылықтар жеке пәтерге ие болу үшін жеңілдетілген заемге қол жеткізе алады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұндай бағдарлама «Тұрғын үй жинақ құрылыс банкі» АҚ мен қаланың Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім бойынша жүзеге асып отыр.
«Алматы Жастары» бағдарламасының артықшылығы пайыздық төлемнің төмендігінде - көлемі 10 млн теңгеге дейінгі заемға жылына 5% жеңілдік беріледі. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі төлем қабілетіне қарай жеке жасалады,3 жылдан 25 жылға дейін.
Бағдарлама аясында жұмыс істейтін жастар ынталандырылады.Қала ұйымдарында жұмыс істейтін жастардың әр жылының өтіліне 1 балл есептеледі, ал егер жас адам әлеуметтік салалада, мысалы мектепте немесе бала бақшада еңбек есте оның еңбек өтілінің балы екі еселенеді. Әлеуметтік мүмкіндігі төмен жандар үшін де жеңілдетілген жағдай жасалған, олардың қатарына көп балалы отбасылар, 1 және 2 топ мүгедектері, толық емес отбасылар, жетімдер және басқалары кіреді.
Бағдарламаға қатысу үшін 10 күн ішінде өтініш беру қажет. Оны арнайы Алматы жастары сайты арқылы жасауға болады. Авторизация үшін жақын маңдағы ХҚКО-дан электронды цифрлы қолтаңба алу керек. Өтініш қабылдау мерзімі аяқталған соң қатысушыларды іріктеу басталады. Жеңілдетілген несие алудың кандидаттар пулына алматылық жастарға қолдау білдіретін «Алматы Жастары» бағдарламасының барлық крийтерилері бойынша арнайы баллдық жүйе арқылы іріктелгендер енеді. Балға некеде тұрған жылы, балалар саны, жұмыс өтілі мен еңбек ететін жері, жеке кәсіпкерлігі, Алматыда тіркелген мерзімі және басқалары ықпал етеді. Пул толық жасалғаннан кейін ғана «Тұрғынқұрылысжинақбанкі» өз жұмысына кіріседі. Ол кандидаттың төлем қабілетін тексерді, сонан соң 5 пайыздық жеңілдетілген заемді береді. Жастарға берілетін несиенің жалпы көлемі - 10 млн теңге. Заем тек жаңа үй сатып алуға беріледі, пәтерді бағдарламаға қатысушы өзі таңдайды.
«Алматы Жастары» бағдарламасы туралы толық мәліметті Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының сайтынан және «Қазақстанның Тұрғынүйжинақұрылысбанкі»АҚ-ның сайтынан және 300 и 8-8000-801-880 , +7 (727) 380 05 23, +7 (727) 380 05 02 телфондары арқылы білуге болады.
«Алматы Жастары» бағдарламасына қатыушыларға қойылатын талаптар:
- Өтініш беру кезіде қатысушы мен оның жұбайының жасы 35 жастан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұбайлардың тек біреуі ғана қатыса алады;
- Ерлі-зайыптылар мен олардың отбасы мүшелерінің (егер олар отбасы болса) Алматы қаласында 1 жылдық тұрақты тіркеуі болуы шарт. Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағында жеке тұрғын немесе арендалы үйлері болмауы тиіс.
- Бағдарламаға қатысушы Қазақстан Республикасы аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі төмендеткен фактісі жоқ болғаны жөн;
- жеке кәсіпкерлік бойынша кем дегенде жарты жылдық мемлекеттік тіркеуі бар өз бетінше жұмыс істейтін қалалықтар болуы керек;
- Қатысушының Алматы қаласындағы жұмыс өтілі жарты жылдан аз болмауы қажет. Бұл талаптар әлеуметтік жағдайы төмен жандарға жүрмейді, олар:
- 1 және 2 топ мүгедектері;
- Мүгедек балалары бар және оларды тәрбиелеуші отбасылар;
- Ата-ана қарауынсыз қалған жетімдер;
- 4 және одан да көп кәмелекетке жетпеген балалары бар отбасылар;
- 1 және одан көп балалары бар толық емес отбасылар;