Пәкістанның Гаудер портында өткен екіжақты Ортақ шекара комиссиясының отырысында Иран мен Пәкістан арасында шекара-қауіпсіздік келісіміне қол жеткізген. Бұл туралы «Парс-Ақпарат» агенттігі мен «Анатолы» ақпарат агенттіктері хабарлады.
Екі елдің шекара қауіпсіздік жөнінде арнайы комиссиясының 21-ші реткі мәжілісі Гаудер портында өткізілді. Кездесу отырысында екі елге ортақ шекаралар, шекара қауіпсіздігі, көші-қон және сауда-саттық тақырыптары қарастырылды. Нәтижесінде шекара аттаған есірткі саудасы мен терроризм және заңсыз көші-қонға бірлесе күрес жүргізу жөнінде ортақ мәмілеге келген.
Келісім бойынша, Пәкістан мен Иран Ислам Республикасы арасында шекара қауіпсіздігін ортақ қорғау, терроризм және есірткі саудасына бірлесе күрес жүргізу туралы ынтымақтастық жасасты. Әрі екі тараптың шекаралық сауда-саттық істерін кедергісіз жүргізу туралы арнайы бағдарламалар қабылданды.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі