Ресми Дамаск Түркия билігінен Идлиб қаласынан әскерін шығаруды талап етті – деп хабарлайды САНА ақпарат агенттігі.
Сүрия Сыртқы істер министрлігі таратқан ресми мәлімдемеде: «Сүрия Араб Республикасы Түркия билігінің Идлиб провинциясына әскер кіргізуін қатаң сынға алады. Анкараның бұл ісі Сүрияның тәуелсіздігі мен тұтастығына нұқсан келтіру және барлық халықаралық заңдарға қарсы шығу. Сүрия билігі Түркияға тез арада ел аумағынан әскерін алып кетуді талап етеді» - делінген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Түкрия президенті Режеп Тайып Ердоған Идлиб провинциясында Сүрия оппозициясымен бірккен әскери опперация басталғандығын мәлімдеген болатын. Ал ел премьері Бинали Йылдырым Идлиб провинциясындағы әскери іс-қимылдың барлығы Астана келісімі аясында жүргізіліп жатқандығын айтқан. Оның сөзінше, Астана қаласында Ресей, Түркия, Иран Идлиб провинциясын Сүрия аумағындағы төрт деэсколациялық аймақтың бірі болады деп келіскен.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?