Венесуэла президенті Николас Мадуро Америка Құрама Штатының президенті Дональд Трампқа рахмет айтты. Мадуро сөзінде: «Трамп мені әлемге танымал етті», – деді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.
Венесуэладағы жағдайға байланысты Трамп осыған дейін Мадуроның әрекеттеріне көбірек сын-пікір білдірген еді. Николас Мадуро өз кезегінде: «Трамп мені сынап-мінеп әлемге танымал етті. Бұл үшін оған рахмет айтам. Ол мені әрдайым сынаған сайын ел мені жақсы көре бастайды. Демек, мен бәрін дұрыс жасап отырмын», – деді.
Мадуро Трампты «Венесуэланың оппозиция басшысы» деп атады. Дегенмен ол «империя басшысының» өзін әр рет сөзіне кірістіргенін «мақтаныш» деп қабылдайтынын білдірді.
Венесуэла басшысы осыдан бұрын Латын Америкасындағы және АҚШ қатарлы елдердің бірқатар қысымдарына тап болып, Түркия, Ресей, Қытай қатарлы Азия елдерімен ынтымақтастықты бекемдеу қадамдарын жасаған болатын.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр