Ресей Қазақстанға бомбылаушы ұшақтарын жіберді – деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, РФ әскери әуе күштері «Ажырамас бауырластық-2017» әскери оқу-жаттығу жұмыстары аясында Қазақстанға екі Ми-8 АМТШ Терминатор тікұшағын, екі шабуылдаушы ұшағын және Су-24 МР барлау ұшағын жіберген. Ресей ұшақтары оқу-жаттығу жұмыстары кезінде ҰҚШҰ (ОДКБ) әскерлеріне әуеден қолдау көрсетіп, гумантитарлық көмек тасымалдайтын болады.

«Ажырамас бауырластық-2017» әскери оқу-жаттығу жұмыстары Қазақстан аумағында қазан айының 16-сы мен 20-сы аралығында өтеді. Оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Армения елдерінің әскерлері қатысатын болады.

“The Qazaq Times”