Ресей Қорғаныс министрлігінің берген мәліметіне қарағанда, Сауд Арабиясы королінің Мәскеуге сапары кезінде келісілген қару-жарақ саудасының нақты бағыты белгілі болды. Ресей тарабы Сауд Арабиясына сатылатын қарулардың түрлерін ашық жария еткен. Бұл туралы «People» басылымы хабарлады.
Келісім бойынша Ресей жақ Сауд Арабиясына 5 түрлі әскери қару-жарақты сатып береді:
1. S-400 зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі.
2. Танкке қарсы EM қысқа қашықтағы зымырандары.
3. TOS-A1 зымыран атқыштары.
4. AGS-30 автоматты зымыран атқыштар.
5. АК-103 (Калашников) автоматтарының өндіру құқығы.
Ресей мен Сауд Арабиясы басшыларының кездесуінен кейін екі жақ маңызды қару-жарақ сату және сатып алу келісімін жасасты. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Ресейдің Сауд Арабиясына аталған қару-жарақты сатып беруіндегі басты мақсаты, әлем және өңірдің бейбітшілігін сақтау. Бұл келісім ешқандайда үшінші бір елге қаратылған әрекет емес», – деген пікірін білдірген.