Сауд Арабиясы Ресейден С-400 «Триумф» әуе қорғаныс жүйесін сатып алуы мүмкін – деп хабарлайды "Коммерсант" газеті.
Басылымның мәліметінше, Сауд Арабиясы Ресейден құны 2 млрд долларды құрайтын С-400 «Триумф» құрылғысын сатып алуы мүмкін. Аталмыш мәселеге байланысты келіссөздер қазан айының соңында өтетін екі ел арасындағы мемлекетаралық кездесуде толыққанды талқыланатын болады. Келісім бойынша, Сауд Арабиясының әскери-техникалық «SAMI» компаниясы ресейлік С-400 әуе қорғаныс жүйесін өз елдерінде құрастыруы тиіс болған. Бірақ ресейлік тарап Сауд Арабиясының бұл ұсынысымен келіспеген. Ресми Мәскеу арабтарға С-400 құрылғысының бөлшектерін ғана құрастыруға рұқсат берген. Егер екі ел арасындағы келіссөздер сәтті өтетін болса, онда Сауд Арабиясы С-400 құрылғысын сатып алған үшінші ел болады. Бұған дейін Түркия мен Қытай ресейлік әуе қорғаныс жүйесіне тапсырыс берген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?