Халықаралық валюта қоры "Қазақстанның 2017 жылғы инфляция деңгейі 7%, 2018 жылғы көрсеткіші 6,2% болады" деген болжам жасады. Бұл туралы қордың қазан айына арналған әлемдік экономикаға шолуында (World Economic Outlook) айтылған.
ХВҚ сәуір айындағы шолуында инфляция 2017 жылы 8%, 2018 жылы 7,2% болады деп болжаған.
Бұдан бұрын ХВҚ-ның Қазақстандағы өкілі Марк Хортон "2017 жылдың нәтижесі бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,3%-ға, ал 2018 жылы нәтижеде 2,5−3%-ға өседі" деген.
Айта кетейік, Ұлттық экономика министрлігі 2017 жылы Қазақстанда ЖІӨ 3,4%-ға өседі деп болжап отыр. 2016 жылы елдің ЖІӨ 1%-ға артқан. 2016 жылы Қазақстандағы инфляция 8,5% болды. Үкіметтің болжамынша, биыл инфляция 6,9-7,5% деңгейінде болады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?