АҚШ-тың бұрынғы президенті Солтүстік Кореяға барып Ким Жоң Унмен кездескісі келеді – деп жазды оңтүстік кореялық Чунан Ильбо газеті.
Басылым мәліметінше, Ақ үйдің бұрынғы басшысы Джимми Картер жақын уақытта Солтүстік Кореяда Ким Жоң Унмен кездесуді жоспарлауда. Картер бұған дейін АҚШ пен Солтүстік Кореяны бір рет ядролық соғыс дағдарысынан алып шыққан. Ол 1994 жылы Пиоңяңда Солтүстік Корея басшыларымен келіссөз жүргізіп, АҚШ пен КХДР арасындағы Женева келісімін қайта күшіне енгізген болатын.
Бұған дейін 93 жастағы Джимми Картер Washington Post газетінде Ақ үй басшылығын Солтүстік Кореяға жоғары лауазымды қызметкерлерден құралған делигация жіберіп, келіссөздер жүргізуге шақырған.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды