Сүриядағы террорлық ұйымдар осы уақытқа дейін АҚШ, Франция, Бельгия елдерінің қаруларын пайдаланып келген – деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Сүрия әскерінің мәліметінше, ел аумағында соғысып жүрген «Джабхат ан-Нусра» леңкестік ұйымының содырлары соғыста АҚШ, Франция, Бельгия елдерінің қаруын пайдалануда. Террорлық ұйым барлық қаруды шетелдерден контрабандалық жолмен алып келген. Сүрия әскерінің дивизия генералы Әли әл-Әлидің сөзінше, олар «Джабхат ан-Нусра» террорлық ұйымының қоймасынан АҚШ, Франция, Бельгия елдерінде жасалған жалпы саны 100-ден аса гранатомет пен автомат тәркілеген.

Бұған дейін дәл осы Әли әл-Әли АҚШ билігін Сүрияда оппозиция әскерін емес, лаңкестік ұйымдарды қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыр деп айыптаған болатын.

“The Qazaq Times”