АҚШ әскері болашақ конвертопланын сынақтан өткізді, деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі.

Oxu.az мәліметі бойынша, Bell Helicopter компаниясы мен АҚШ әскері бірлесіп Bell V-280Valor конвертопланын сынақтан өткізген. Bell Helicopter компаниясы өкілдерінің сөзінше, болашақ конвертопланы сынақтан сәтті өткен. Бұл жолғы сынақтың басты мақсаты Bell V-280Valor-дың қозғалтқышын тексеру болған.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, АҚШ әскері бұдан бөлек Boenig және Sikorsky компанияларымен бірлесіп жоғаы жылдамдықтағы SB-1 Defiant тікұшағын құрастыруда.

“The Qazaq Times”