2017 жылдың 11 қазаны күні сағат 10.00-де жұмыс іздеушілерге, студенттерге, білім орындарын бітірушілер мен жастарға арналған бос жұмыс орындары бойынша жәрмеңке өтеді. Бұл турал алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктің хабарлауынша, жәрмеңкеге 100-ге жуық жұмыс беруші қатысады. Бос орындар жәрмеңкесі шеңберінде:
- халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысының белсенді форматта жүргізілуі бойынша тұсау кесер өткізіледі;
- халықты жұмыспен қамту орталығының қолдауымен, тиімді және лайықты бос жұмыс орындарын іздеу үшін, жұмыс берушілермен қатынастарды жақсартуға және жұмысқа орналасу процессін жеделдетуге қолайлы «jumys.bar»мобильді қосымшасын таныстырады;
- нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасына қатысушы тұрғындарды жұмыспен қамту сұрақтары бойынша кеңес беру қызметі көрсетіледі;
- ынта берушілерге кәсіби оқыту курстары ұсынылады. Ойдағыдай бітіргендерге жұмысқа тұруға мүмкіндік беріледі.
Жәрмеңке мына мекен-жайда өткізіледі: Темирязев көшесі,42, Атакент, «Бахшасарай» СҮ.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?