Алматыда 8-10 күнге жететін бензин қоры қалды. Қала әкімдігі мен Энергетика министрлігі болса, осы мәселені шешу жолдарын қарасытырып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Спутник Қазақстан.
"Жанар-жағармайдың тапшы болуына байланысты мәселені шешу үшін энергетика министрлігімен бірнеше нақты шаралар қабылданды. Қазіргі кезде қаланың "Гелиос", "Синойл" "ҚазМұнайГаз" сияқты ірі жанармай бекеттерінде 15 мың тоннадай жанармай қоры бар. Бұл 8-10 күнге жетеді. Ал кішігірім бекеттерде 2-3 күнге жететін қор бар", - деді Мәдиев.
Оның сөзінше, министрлік Алматыны қосымша бензин қорымен қамтамасыз етуге "уәде берген". Бұдан бөлек қаланың жанармай бекеттеріне рейд жүргізілмек.
"Әкімдік табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитетпен бірлесіп, жанармай бекеттері қоймаларда жанармай қорын қалдырып қоймай, халықты қамтамасыз ету үшін, отын қалдықтарына рейд жүргізеді", - деді ол.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?