АҚШ Куба билігін Гаванадағы Құрама Штат елшілігін қорғау талаптарын орындауға тырыспады деп айыптап, Кубаның Америкадағы 15 дипломатын елден шығарып жібермек. Бұл туралы BBC-дің онлайн қызметі хабарлайды.
Куба дипломаттарын елден шығарумен қатар, АҚШ Мемлекеттік департаменті Кубаның орталық қаласындағы елшілерін елге қайтарып алатынын білдірген. Куба сыртқы істер министрі Бруно Родригес бұл шешімді ақылға сыймайды деп бағалады.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон бұл шешім туралы берген мәліметінде: «Аталған шешім, Куба жақтың біздің дипломаттарды қорғау бойынша шаралар қолданбағаны, Вена келісімі бойынша өз міндеттерін лайықты түрде атқармағандары үшін қабылданып отыр», – деді.
АҚШ жақ соңғы айларда Кубада тұратын 20 елшісінің қауіпсіздігіне мақсатты түрде қауіп төндірген деген айыпты ортаға салып отыр. Сондай-ақ, Гаванадағы елшілікке шабуыл жасалып, дипломаттарының жараланғанын алға тартуда. АҚШ пен Кубаның бұл дипломатиялық дағдарысы екі ел арасындағы жаңа шиеленісті қалыптастырып келеді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау