Ирак Күрдістаны Ирак пен автономия арасындағы даулы жерлерге қатысты келіссөз жүргізуге дайын. Бұл туралы Күрдістан автономиясы парламентінің төрағасы Джаафар Ибрагим мәлімдеді, деп хабарлайды Риа Новости

Негізінен Бағдад пен Эрбиль арасындағы дау мұнайға бай Киркук провинциясына байланысты туындап отыр. Джаафар Ибрагимнің сөзінше, Киркук тұрғындары жерді беруге қарсы болса, БҰҰ-ның бақылауы бойынша Иракпен келіссөз жүргізбек.Себебі бұл аймақтың тұрғындары Күрдістанның тәуелсіздік жөніндегі өткізген референдумына дауыс берген. Алайда Ирак билігі референдумды заңсыз деп таныды.

Айта кетейік, Ирак Күрдістаны қыркүйектің 25-і күні референдум өткізіп, ел халқының 92,7 пайызы яғни 2,86 миллион адам тәуелсіздік алуды қолдап дауыс берген. Ирактан бөлініп шығуға 224 мың адам қарсы болған. Бұл референдумға қатысқан халықтың 7,2 пайызын құраған.

Ал АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Рекс Тиллерсон Ирак Күрдістанындағы тәуелсіздік алуға байланысты өткен референдумға пікір білдіріп, Америка аталған елдің тәуелсіздігін мойындамайтынын айтқан.

“The Qazaq Times”