2017 жылдың 1 жарты жылдығында құқық және бухгалтерлік есеп саласында көрсетілген қызмет көлемі 32,96 млрд теңге болды және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға аз болып отыр.

Қызметтің ең көбі Алматыда  (23 млрд тг, -5% ) және Астанада (5,66 млрд тг, -27,9%) көрсетілген. Ал аталған қызмет түрлеріне сұраныс Ақтөбе облысында 2,4 есеге артып, 285,35 млн теңгеге дейін жеткен.

Сондай-ақ, құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы жалақы көлемі жылына 7,2% -ға төмендеп, 264,2 мың теңге болған. Тіпті жалақының төмендеуіне байланысты тұтыну қабілеті де 13,8%-ға азайған.

Бұдан бұрын  осы салада еңбек ететіндердің жалақысы үнемі өсіп отырған. Мысалы 2015 жылға қарағанда 2016 жылы бухгалтерлер мен заңгерлердің  жалақысы 13,1%-ға жоғары әрі Қазақстандағы орташа  атаулы айлық жалақыға қарағанда 93,1%-ға артық  болған.

“The Qazaq Times”