Солтүстік Корея тоқтаусыз жүргізген баллистикалық зымыран сынақтарының арасында өзінің бесінші реткі ядролық жер асты сынағын жасады. Бұл ядролық сынақтың маңызы сірә қаншалық? Қазіргі кезде «Солтүстік Кореяның ядролық қару-жарақ технологиясының қуаты қандай?» деген сұрақтар АҚШ және өзге елдердің баса назар аударатын мәселесіне айналды. Алдағы уақытта Солтүстік Корея алған бетінен қайтпайтын болса, яғни ядролық сынағын жалғастырар болса, кемінде Солтүстік Шығыс Азиядағы геосаяси бет-бейнесін өзгертіп кетуі ғажап емес.

Әр реткі сынық барысында техникалық бір жаңа деңгейге жетіп отыратыны анық. Алғашқы төрт сынақ «миниатюризация» және «актуальдандыру» үрдісін көрсетті, ал КХДР-ның соңғы сынағы ядролық оқ тұмсықтарды жеткізу құралдарын дамытуға бағытталған. Осыдан аз ғана бұрын, Солтүстік Корея суасты соғыс кемелері арқылы ядролық сынақты табысты жасаған еді. Бұл мемлекеттің ядролық оқ тұмсықты тасымалдаушы құралдардағы дамуы қандай? Жерден жарылатын ядролық қару ретінде пайдалану да болсын, тасымалдаушы зымыранға орнату болсын, Солтүстік Корея бұл жақтарында көптеген сынақтар жүргізіп көрді.

Дегенмен, Оңтүстік Кореяның берген мәліметіне сүйенер болсақ, масштаб жағынан бұл реткі ядролық сынақ алдынғы сынақтардың бәрінен де үлкен. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ-тың Хиросимаға тастаған атом бомбасының қуатымен қарайлас. Ал, соңғы ядролық сынақтың кері әсерін тізіп айтар болсақ мүлде көп. Бұл ең әуелі Оңтүстік Корея мен Жапонияның қарсы дайындығын күшейтті. Солтүстік Корея режиміне деген жұрттың сенмін жоғалтты. Қытай мен АҚШ қарым-қатынасы нашарлады. Тағы да толып жатқан кері әсерлері тағы бар.

Егер Солтүстік Корея алған бетінен қайтпағанда Қытай мен Оңтүстік Корея, Жапония және АҚШ-ты қамтыған мәселеде қандай өзгерістер болмақ? Бұл алдағы Корей түбегі мәселесінің негізгі тақырыбы. Қытай болса өзіне Корей түбегінен жау тапқысы келмейді. Бірақ, Солтүстік Кореяда соғыс болған жағдайда Қытай армиясын қозғауы екіталай. Керісінше, ол солтүстік-шығыс шекарасынан алаңдайды. Сондықтан Қытай билігі екі қадамға баруы мүмкін. Біріншісі, Корей түбегіндегі өзінің мүдделерін тани отырып, осыған дейін белгісіз болып келген позициясын нақтылайды. Аталған теке-тіресте не АҚШ-қа, не Солтүстік Кореяға жақтасады. Екіншіден, қай жаққа болысқан күннің өзінде, Солтүстік Кореяға бағытталған тежеу шараларын күшейтеді.

Қазірдің өзінде Қытай түбек жағдайына байланысты саясатын нақтылай түсті деуге болады. Ресми Бейжіңнің түбек ісінде ұстанған саясатын қысқаша, «ядросыз, соғыссыз, хаоссыз» деп түсіндіруге болады. Айталық, Қытай өткен ғасырдың ортасында болған, Корей түбегі соғысына араласып, тарихи трагедияны қайталағысы жоқ.  Сол арқылы принциптер мен саясаттардың төменгі сызығын сақтап тұрмақ. Дегенмен, Солтүстік Корея мәселесінде Қытайдың жауапкершілігі толық атқарылып отырған жоқ. Айталық, Солтүстік Кореяның халық тұрмысының жақсаруы, экономикасының дамуында Қытайдың көмегі қажет.

Оңтүстік Кореядағы жағдай да аса күрделі. «Сад» зымыранға қарсы жүйесі бұл елдің ең негізгі қайшылықтарының бірі. Зымыранға қарсы бұл жүйені орналастырмаса да Қытай Солтүстік Кореяның қаупін болдырмайды деп сене алмайды. КХДР-дағы зымыран сынақтары, оңтүстік корей жұртындағы саяси өзгерістерге себеп болды. Айталық, «Сад» жүйесіне байланысты да оппозициялық күштер наразылығын әлі тоқтатпады. Олар алдағы уақытта берік сақтық күйде тұрады.

АҚШ болса «күту және бақылау» саясатын ұстанып отыр. АҚШ Солтүстік Корея әскери, саясат, экономика жақтарынан қысымды бірқалыпты ұстап тұрып алмақ. Шын мәнісінде Қытайдың қолымен Солтүстік Кореяға кісен салмақ болған ойлары жүзеге аспағандықтан, АҚШ пен Оңтүстік Корея Бейжің тарабына риза емес. Ал, БҰҰ қаулысы бойынша санкция салғаны үшін Солтүстік Корея да қырғи қабақ  күйде. Сондықтан Қытай үкіметі келесі айдан бастап, Солтүстік Корея мәселесінде нақты қадамдарға өтетін болады.

“The Qazaq Times”