Ирландияның Ryanair компаниясы қыркүйек айында 11,8 млн адам аталған компанияның әуе тасымалын пайдаланғанын, бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға артқанын хабарлады. Осыдан бұрын Ryanair қыркүйек-қазан айларында мыңдаған рейстерін тоқтататынын жариялап, билет сатып алып қойған қаншама адамды әбігерге салып еді.
Ryanair компаниясы жолаушылардан кешірім сұрап, олардың 98 пайызына ақшалары қайтарылғанын не басқа рейске орынмен қамтамасыз етілгендігін айтты. Қалған 2 пайыз жолаушылар әлі де әуе компаниясымен байланысқа шығып, өз мүмкіндіктері туралы сұрауы керек.
Ryanair компаниясы қыркүйек айының ортасында 2 мың 100 рейстің болмайтыны туралы хабарласа, ай соңында қысқы уақытта тағы 18 мың рейс кестеден түсетінін жеткізген болатын. Бұл шамамен 800 мың жолаушыны қамтиды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?