АҚШ Президенті Дональд Трамп екі апта бұрынғы дауылдан орасан зор шығынға ұшыраған Пуэрто-Рико "Американың назарынан тыс қалды" "деген сыни мәлімдемелерді жоққа шығарды. Мемлекет басшысының аралға жоспарланған сапарынан АҚШ-тың федералды көмегі ерте жеткенін хабарлаған Пуэрто-Риконың губернаторы Рикардо Россело жақын күндері 1,5 млн баррель жанармай берілетіні туралы хабармен бөлісті. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Губернатордың айтуынша, қазір аралды қайта қалпына келтіру жұмыстарына 10 мың адам тартылып, халықтың тең жартысы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жергілікті билік өкілінің ресми деректері алдағы екі аптада тұрғын үйлердің 10 пайызы, ал келесі айда Пуэрто-Рико халқының төрттен бірі электр жарығына қол жеткізе алады. Су құбырлары қайта іске қосылған 46 пайыз халықтың үлесі апта соңына қарай 60 пайызға жетеді. Сондай-ақ, мобильді байланыс қолданушыларының 40 пайызы телефон желілерін қайта пайдалануға мүмкіндік алады.
Дауыл кесірінен іске жарамсыз болып қалған жолдармен Пуэрто-Риконың 8 мыңға жуық халық тұратын, орталықтан шалғай 140 елді мекеніне ас-су, медициналық көмек пен өзге де жабдықтарды жеткізу қиынға соғып отыр.
Пуэрто-Рико - өзіндік басқару жүйесі бар, АҚШ-тың тікелей территориялық иелігі болмаса да, жоғарғы билігі Конгресске қарайтын, Кариб теңізіндегі арал.