Бүгін бүкіл әлемдік ақпарат көздерінің басты жаңалықтарынан өткен түні Лас-Вегаста болған қайғылы оқиға болды. Қолына қару алып, бейбіт халыққа қарсы оқ жаудырған белгісіз азаматтың шабуылынан 2 адам қаза тауып, 20-сы жарақаттанған. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.

Route 91 музыкалық фестивалі кезінде көпшілік халық шоғырланған орында басталған атысты жергілікті полици қызметкерлері тоқтатқан. Осы өңірдің тумасы, қолына қару алған жалғыз ер азамат құтқару операциясы кезінде қаза тапты. Полиция қызметкерлері алаңдауға еш себеп жоқ екенін жеткізді. Қоғамдық шабуылдың терроризммен байланысы анықталған жоқ.

Оқиға болған алғашқы уақытта қауіпсіздік қызметкерлерінен лайықты жауап пен комментарий ала алмаған бірқатар ақпараттық агенттіктер құрбандар санын асыра жазған жайттар тіркелген. Қазір полиция ресми түрде 2 адам жан тапсырып, 100-ге жуық азамат жараланғанын хабарлап отыр.

“The Qazaq Times”