GlobalPetrol Prices агенттігінің мәліметі бойынша бензин арзан тұратын елдер арасында Қазақстан 14 орында. Мұнда орташа баға 0,47 доллар(1 қазанда белгіленген баға бойынша - 151 теңге).
Арзан жанармай сатылатын елдердің алғашқы үштігінде Венесуэла (литрі 0,01 доллар), Сауд Арабиясы(0,24 доллар), Түркіменстан (0,29 доллар) тұр. Өзбекстанда бір литр бензиннің бағасы 0,41 доллар және бензин арзан елдер тізімінде 8 орында.
Әлем бойынша бензиннің орташа бағасы литріне 1,08 доллар (368,48 теңге).
Ал Қазақстан мүше болып отырған ЕАЭО елдерінде баға қандай? Осы елдердің орташа айлық жалақысына қанша литр бензин сатып алуға болады?
LS сайтының мәліметінше, Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа атаулы кіріске, яғни 76,5 мың теңгеге 162,76 литр бензин, ал 148,2 мың теңге орташа атаулы айлық жалақыға 924,17 литр бензин сатып алуға болады.
Ресейдегі орташа атаулы жалақы 38,62 мың рубль немесе теңге эвивалентімен 227,86 мың теңге. Бұл ақшаға ресейлік (бензин бағасы 0,70 доллар) 959 литр бензин сатып ала аласыз.
Айта кетейік, мұнай-газ саласындағы қазақстандық сарапшылардың сөзінше, ЕАЭО-да бірыңғай энергетика кеңістігі құрылған жағдайда Қазақстанда бензин бағасы Ресейдікімен теңестірілуі мүмкін.
Ал басқа елдерде орташа айлыққа сатып алуға болатын жанармай көлемі Қазақстанмен салыстырғанда 1,5-2 есеге аз. Мысалы Беларусьта орташа айлық кіріске 673,15 литр, Арменияда 477,42 литр, Қырғызстанда 356,67 литр бензин сатып алуға болады.
Айта кетейік, Қазақстанда 1 қазаннан бастап бензин бағасы бірден 4 теңгеге қымбаттап 151 теңгеге дейін көтерілді.