Қазақстанда бензин бағасы тағы көтеріліп, ең көп пайдаланылатын АИ 92 маркалы жанармай құны 151 теңгеге дейін жетті.
Сонымен қазіргі уақытта "Газпром нефть-Қазақстан" жанар-жағармай бекетінде АИ 92 маркасының литрі 151 теңге болып белгіленді. АИ 98 маркасы 181 теңгеден сатылып жатыр. Дизель отыны 150 теңге.
"Helios" бекеттеріндегі АИ 92 бағасы 150 теңге, АИ 95 164 теңге. Дизель отынын сатып алу үшін 151 теңге төлейсіз.




Айта кетейік, бензин бағасы қыркүйек айының басында ғана 147 теңгеге дейін көтерілген болатын. Мұны Энергетика министрлігі Ресейден келетін бензин көлемінің қысқаруымен және Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының қайта жөндеу жұмыстары үшін жабылуымен түсіндірген.
Тағы бір ескеретін жайт, Ресей экспортталатын мұнай және мұнай өнімдеріне баж салығын ұлғайтты. Ал бұдан кейін Қазақстанда да Ресейден келетін мұнай шикізатының бағалары қымбаттайды деген сөз. Яғни бензин бағасы алдағы уақытта тағы жоғарылай түсуі мүмкін.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?