Ресей жақ ішкі резервтердегі химиялық қаруға қолданылатын ең соңғы 1 кг химиялық дәріні жойғанын хабарлады. Осымен Ресейдің 1996 жылдан бері жоспарлы түрде атқарып келе жатқан химиялық қарудан тазарту бағдарламасы мәресіне жеткенін білдірді. Сонымен бірге Ресей химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенция бойынша өз міндеттемелерін толығымен орындағанын жеткізді. Бұл шамамен 40 мың тонна химиялық қарудың жойылғанын көрсетеді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.

Ресей президенті Владимир Путин осы мәлімдемені алға тарта отырып, Ресейдің бұл қадамы АҚШ-қа үлгі бола алатынын, әрі АҚШ-тың да өзінің барлық химиялық қаруларын жоюын үміт ететіндігін атап өтті. Ол сөзінде: « Ресей өзінің химиялық қаруларын толығымен жойып болды. Бірақ Құрама Штаттар өз уақытында химиялық қаруды жою бойынша міндеттемелерін орындамай отыр. Олар міндетін атқарудың мерзімін үш рет ұзартты. Тіпті қаражаттың жеткіліксіз екенін де сылтауратты. Шынын айтсам бұнысы тым күдікті. Бірақ біз АҚШ және басқа елдердің де химиялық қаруды жою шарты бойынша өз міндеттерін орындайды деп үміттенеміз», – деді.

АҚШ Мемлекеттік департаменті 27 қыркүйек күні бұл туралы хабарлама жасап, АҚШ 2023 жылдың соңына дейін өзінің барлық химиялық қаруларын жоятынын мәлімдеген. Хабарламада «Құрама Штат 2023 жылдың соңына дейін өзінің барлық химиялық арсеналын жою міндетін ада етеді» делінген.  Сонымен бірге, Ресейдің химиялық қаруларының толық жойылғанына сенімді болу үшін АҚШ үкіметі Колорадо және Ричмонд (Кентукки) қоймаларындағы қалған химиялық қарудың жойылуына баса назар аударатынын атап айтты.

“The Qazaq Times”