Жапония премьер-министрі Синзо Абэ ел парламентінің төменгі палатасы не үшін мерзімінен бұрын тарағанын түсіндірді.
Синзо Абэнің жергілікті NHK телеарнасына берген сұхбатында парламенттің төменгі палатасының мерзімінен бұрын тарауын Солтүстік Корея тарапынан төніп тұрған қауіппен байланыстырған. Оның сөзінше, қазан айының 22-і күніне белгіленген парламент сайлауы алдағы уақыттағы Жапония қауіпсіздігі мен болашағына тікелей әсер ететін болады.
Бірақ оппозиция өкілдері Абэнің бұл пікірімен келіспейді. Олардың ойынша, Синзо Абэ ел парламенттің төменгі палатасын өз қылмыстарын жасыру үшін таратып жіберген. Атап айтқанда ел премьері парламентті тарату арқылы өзінің «Моритомо Гакуэн» және «Какэ Гакуэн» білім ордаларында болған қаржы былығына қатысын тексерусіз қалдырған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды