Ташкент әуежайында белгілі өзбек жазушысы Нурууло Отаханов тұтқындалды - деп хабарлайды Oxu-az ақпарат көзі Reuters ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Reuters агенттігінің мәліметінше, Отаханов Ташкент әуежайында Стамбұл қаласынан оралған бетте ұсталған. Ол Түркияға 2015 жылы жұмыс бабымен кеткен, бірақ сол уақытта ел билігі оны «қара тізімдегі» азаматтардың қатарына кіргізіп жіберген. Осыдан кейін Отаханов Өзбекстанға қайтып оралмауды ұйғарған. Бірақ Өзекстанды ұзақ жылдар бойы басқарған Ислам Кәрімов өлгеннен кейін Отаханов елге қайта келген. Оны бұған дейін Шавкат Мирзиеев «қара тізімнен» шығарып тастағандығын мәлімдеген болатын.
Нурууло Отаханов көптеген публицистикалық, көркем-әдеби шығармалардың авторы. Өз кезінде ол Өзбекстанда «Хидоят» (Дұрыс жол) журналының бас редакторы қызметін атқарған.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?