Астана әуежайында көлік тұрағын басқарудың қаржы модельдері қарастырылды. Енді 1 қазаннан бастап P-1, P-3, P-5, P-6 және P-7 көлік тұрақтары жаңа ереже бойынша жұмыс істейді. Бұл туралы «Астана LRT» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазіргі кезде біз Астана қаласындағы халықаралық әуежайдағы қолданыстағы тарифтерге анализ жүргізіп, әуежай басшылығымен бірге Р-1 паркинг алаңындағы тарифтерді төмендету келісіміне қол жеткіздік және тұрақ паркін басқаруды түбегейлі өзгертуді енгізбекпіз. Енді Р-1 паркинг алаңында тек қысқа мерзімге ғана емес, ұзақ мерзімге аялдауға болады, сондықтан 1 қазаннан бастап жаңа төмендетілген тарифтер қолданылады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Сонымен жаңа ереже бойынша P-1 тұрағында төлем жасау төмендегідей болады:
— алғашқы 30 минут тегін. Тұраққа көлікті қою кезінде оның мемлекеттік нөмірі арнайы камераға жазылады. Онда көліктің тұраққа қанша рет келгені және келген уақыты туралы ақпарат сақталады. Егер көлік иесі 25 минут тұрып, 10 минуттан кейін қайта айналып келетін болса келесі миниуттар бойынша төлем жасалады. Р-1 тұрақ аймағына қанша рет келгені туралы ақпарат бір тәуліктен кейін жойылады.
— 30 минут пен 1 сағат аралығы - 300 теңге;
— 1 сағаттан 2 сағатқа дейін тұру - 400 теңге. Тіпті P-1 тұрағында 1 сағат 5 минут тұрған жағдайда да 400 теңге төленеді;
— 2 сағаттан 3 сағатқа дейін - 600 теңге. 2 сағат 5 минут тұру да - 600 теңге;
— 3 сағаттан 24 сағатқа дейін - 2500 теңге. Көлік тұрақта 4 сағаттан аса тұратын болса да бір тәулікке белгіленген тариф төленеді;
— әрбір тәулік — 2500 теңге.
Ал P-3 тегін көлік тұрағы қайта жөндеу жұмыстары үшін жабылады және жөндеу жұмыстары аяқталған соң ол қызметтік көлік тұрағына айналады.
Қала қонақтары мен тұрғындарына арналған тегін паркинг P-5, P-6 және P-7 көлік тұрағы аймағына ауыстырылады.
Айта кетейік, соңғы кезде Астанадағы әуежай тұрағына қатысты даулар жиілеп кеткен. Даудың басты себебі - көлік тұрағындағы тарифтердің тым қымбат болуы.



















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?