Қытай СІМ басшысы Уаң И кеше БҰҰ мәжілісінде сөз кезегін алды. Кейбір маңызды халықаралық мәселелерде Құрама Штатқа қарсы пікір білдірді. Соның ішінде Солтүстік Корея дағдарысы, жаһандық дипломатия және климаттың өзгеруі қатарлы мәселелерді сөз етті. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлады.
Қытай Сыртқы істер министрі сөзінде, Қытайдың Солтүстік Корея ядролық мәселесінің тек келіссөз арқылы шешім табуын қолдайтынын айтты. Сонымен бірге, әлемдік қауымдастықты «Париж климат келісімін» толық орындауға шақырды және Біріккен Ұлттар Ұйымына әлемдік бейбітшілік пен жаһандық губернатор ретінде баға берді.
Бірқатар елдердің негізгі басшылары мен өкілдерінің кезекті сөздері, сейсенбі күнгі АҚШ президентінің пікірлеріне орай айтылып отыр. Қытай СІМ басшысы сөзінде: «Біз қазір тағы бір мәрте жолайрыққа келіп тірелдік – Бейбітшілікті таңдаймыз ба әлде соғысты таңдаймыз ба? Ашық әлем немесе томаға тұйықтық па? Бірлік пе, әлде ыдырау. Бірақ біз қалайда дұрыс таңдау жасауға тиіспіз», – деді.
Уаң И сөзінде Трамптың атын тікелей айтпаса да, АҚШ-тың бұрынғы алтыжақты келіссөздерінде байыптылық танытуын ескертті. Әрі "Солтүстік Кореяның диалогқа қатысуға ұмтылысы туралы келіссөздеріне құлақ асуы керек" дегенді айтты. Сөз соңында Қытай лауазымдысы: «Біз бейбітшіліктен үміттенеміз. Бірліктен бас тартпауымыз керек. Тараптар кез-келген мәселеде ақылға қонымды жолдармен шешуге тырысуы керек», – деді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр