Еуропа Одағы Иран мен АҚШ арасындағы ядролық мәселедегі келіспеушілікте Иранды жақтап шықты. ЕО Сыртқы істер жөніндегі мекеме басшысы Фредерика Могерини Иран мен ірі мемлекеттер арасында жасасқан Иранның ядролық келісімінде әр тарап өз дегенін орындағанын айтты. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады.
2015 жылы қол жеткізілген келісімді бағалауға жауапты Бірлескен Комитет кезекті отырыс өткізілді. Құрама Штат келісімге қосымша шарттар ұсынбақ болды. Сонымен бірге АҚШ президенті АҚШ-тың осы келісімге қалай әрекет ететіні туралы шешім қабылдағанын жария еткен еді. Бірақ ол бұл мәліметін Бірлескен Комитеттің отырысында ұсынған жоқ.
Бірлескен Комитет төрағасы да БҰҰ Бас Ассамблеясының Нью-Йорктегі кездесуінде келісімді қайта қараудың қажеті жоқ екенін айтып еді. Қатысушылар да осы уақытқа дейін келісімге қол қойған барлық тарап өзінің міндетін толық орындады деді.
Ал, Еуропа Одағының өзі е Иранның өз міндетін келісімге сай орындап шыққанын, АҚШ-тың қосымша шарттары мен наразылығының орынсыз екенін айтып шықты. Бұл бір есептен Трамп үкіметінің Иранға қаратқан оқшаулау саясатына бір жолғы сәтсіздік болды. Енді бір жағынан алып қарасақ, әсіресе өңір тыныштығы мен қауіпсіздігі тұрғысынан, тұтанғалы тұрған АҚШ-Иран араздығына су септі.