Армения билігі кезінде басып алған Әзербайжан жерлерінің біраз бөлігін елге қайтарып беруге ниетті. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлап отыр.
Мәлімдемені Армения Сыртқы істер министрі Эдуард Налбандиан елдің бас қаласы Ереванда өткен 6-шы Армян диаспорасы форумы отырыстарында жасады.
Налбандиан: «Қарабах мәселесі шешімін тауып, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясында жалғасып жатқан келіссөздерге мүмкіндік беру үшін біз армян тарабы Қарабах қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін кейбір жерлерді Әзербайжанға қайтаруымызға болады. Осы мақсатта Әзербайжанмен арада келіссөз жалғасады», - деді.
Сонымен қатар Әзербайжан үкіметі аймақта әскери келіспеушілікті асқындыру жолын таңдаса, Армения Қарабахтың тәуелсіздігін жақтайтындарын да алға тартты.
Бәрімізге белгілі Армения мен Әзіебайжан арасында 1991-1994 жылдар аралығында болған Қарабах соғысында армян жақ Әзербайжанның бірқатар аймақтарын өз қарамағына алған болатын.
Бүгінгі күні сол аймақтардың Агдам, Келбеджер, Лачин, Жебраил, Фузули, Кубатлы және Зенгилан қалалары әлі де армяндардың қол астында.