Қазақстанда көлеңкелі экономика көлемі біртіндеп азайып келеді. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылы Жалпы ішкі өнімдегі бақыланбайтын экономика үлесі 25,8% болған. Бұл туралы Finprom.kz агенттігі хабарлады.
Ал одан бұрын, яғни 2015 жылы көлеңкелі экономика үлесі 27,5%, 2013 жылы 28% болған.
ТМД елдеріне қарағанда Қазақстанда бақыланбайтын тауарлар өндірісі мен қызметтердің деңгейі төмен. Сертификаттаушы бухгалтерлер қауымдастығының (ACCA) мәліметі бойынша, Ресейдегі көлеңкелі экономиканың үлесі 39%, Украинада - 46%. Ал Әзербайжанда, ACCA есептеулерібойынша, экономиканың 67% -дан астамы көлеңкеде жатыр.
Алайда жаһандық масштаб бойынша, Қазақстанда көлеңкелі экономиканың деңгейі (23%) жоғары болып отыр.
Әсіресе, Қазақстанда көтерме және бөлшек саудамен айналысатын сауда кәсіпорындары көлеңекелі экономикада жиі қалады. Мысалы 2016 жылы қызметтердің 9,2% -ы ресми тіркелместен жұмыс істеген. Бір жыл бұрын бұл үлес 8,2% деңгейінде төмен болды.
Жылжымайтын мүлік саласындағы көлеңкелі экономиканың үлесі 6,9%-дан 6,3%-ға дейін төмендеген.