Кеше iPhone X сатылымға шықты. Тіпті Apple "табынушыларының" көптігі соншалық бір күннің өзінде кейбір елдерде ұзын-сонар кезек пайда болған. Әрине олар жаңа дүниеге қол жеткізген бірінші адам болғысы келеді. Business Insider әлем елдеріндегі iPhone X сатылымының бірінші күні қалай өткені туралы суреттер жариялады.
Мысалы Гонконгтағы Apple өнімін "сүйетіндер" таңертеңнен дүкеннің ашылуын асыға күтіп тұр.
Ал Лондонда, Apple Store дүкенінің алдында оннан астам адам жиналған. Бір қарасаңыз кезек күтіп тұрған көп адамды көрмейсіз, бірақ...
...шын мәнінде, қалған 200-ден астам адам дүкеннің келесі бұрышында жиналып, кезекте тұр.
Ал мынау Жапонияның Токио қаласындағы iPhone X-ды бірінші болып сатып алуға келгендер тұрғындар.
Берлинде адам соншалықты көп емес, бірақ көпшілігі кезек күтіп шаршамас үшін жиналмалы орындықтарын көтере келген.
Адамдар ең көп жиналған жер әдеттегідей Американың Нью-Йорк қаласы, әйгілі Fifth Avenue.
Бұл дүкеннің қызметкерлері алғашқы сатып алушыларды міндетті түрде өздері қарсы алады.
Лондоннан тағы бір сурет. Әрине мұндай жерде БАҚ өкілдері, фотографтар, камера көтерген операторлар міндетті түрде жүреді.
Лондонның Адам есімді тұрғыны кезекте тұрған ең бірінші адам болған, ол дүкен алдында кезегін сейсенбіден бері күткен. Тіпті ол бірінші кезек алу үшін дүкенге жексенбі күні келмек болған. Алайда ешкімнің жоқ екенін көріп, кейінірек келеді. Бір қызығы Адам iPhone X-ды сатып алу үшін кезекте бірінші тұрғанмен, Лондонда смартфонды бірінші болып Марко Пьер Уайт есімді жігіт сатып алған.
Ал Сингапур тұрғындары Apple өнімін сатып алу оңайға түспейтінін жақсы білетін болу керек. Себебі көріп отырғандарыңыздай, тұрғындар өздерімен бірге тамақтарын және демалып отыру үшін кішігірім кілемшелерін көтере келген.
Көптеген дүкендердің есігі таңғы сағат сегізден бастап-ақ ашылған.
Тағы бір мән беретін нәрсе, ұзын сонар кезекте тұрған күннің өзінде қаншасы iPhone X-ға қол жеткізді, қаншасы жеткізе алмады, ол жағы белгісіз.
Ал бұл Мәскеудегі сатылым. Мұнда бір емес бірнешеуін бір-ақ сатып алып жатқандар бар.
Сингапурдағы алып сатарлар болса смартфонды бірден көшеде сатуды бастап кеткен.