Алматының Алатау ауданында «Туған жер» бағдарламасы аясында жаңа жеңіл атлетика стадионы ашылды. Оның жалпы алаңы - 39 мың шаршы метр, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Стадион «Алматы Арена» мұз сарайының артында, қолайлы жерге орналасқан, мұнда жеңіл атлетиканың 47 түрімен айналысып, футбол тебуге де болады. Ашық стадионда 100,400 метрлік жүгіру жолдары, 100 х70 м. көлемдегі жасанды футбол алаңы, ұзындыққа және биікке секіретін алаңдар, көлемі 100х62 метр болатын ядро, диск, найзағай лақтыруға лайықталып жасалған арнайы аймақтар бар.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, алдағы уақытта Медеу ауданындағы «Халық Аренаның» жанынан да барлық халықаралық стандарттарға сай келетін 5000 орынды замануи жабық жеңіл атлетика стадионын салу жоспарланған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?