НАТО мен Түркия арасындағы таласты мәселенің бірі Ресейдің S-400 қорғаныс жүйелерін Түркияның сатып алу ісі болатын. Бұл мәселеде НАТО мүшелері «ресейлік қорғаныс жүйелері ұйымның стратегиялық қауіпсіздігіне қатер төндіреді» деп қарап, Түркияның ресейлік әуе қорғаныс жүйесін сатып алуына қарсы болып келген. Ал, Түркия жақ өздерінің саралау тобының зерттеу қортындысын алға тартып, бұның тек қорғаныс үшін ғана пайдаланылатынын айтқан еді.
Түркияның «Анатолы» ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, бір күн бұрын түрік елінің басшысы Режеп Тайып Ердоған ресейлік S-400 қорғаныс жүйесін сатып алу келісіміне қол қойғанын жария еткен. Бұл туралы түрік басшысы Қазақстанда болып өткен ИЫҰ-ның саммитінде журналистердің сұрағына жауап берген кезде мәлімдеген. Ол сөзінде: «Елімізді қорғау үшін қауіпсіздік сақтау құрылғыларын өзіміз алуға тиіспіз. Түркия өзін-өзі қорғау үшін қауіпсіздікті сақтау шараларын нығайту ісіне ешкім дау-дамай туғыза алмайды. Қорғаныс жүйелерін сатып алумен қатар Түркия жақ өзінің де әскери өнеркәсібін арттыра түсетінін болады», – деді.
Түрік елінің басшысы сөзінде: «Әр-түрлі әуе көліктерін жасауға қабілетті болған Түркия, өзінің әлеуетін терроризмге қарсы күресте анық танытып келеді. Айталық, соңғы бір аптада Түркия ӘӘК-і 90 террористі жойды», – деді.
Естеріңізге сала кетейік, Түркия жақ «Ресейдің әуе қорғаныс жүйелерін сатып алу шешімін Сүриядағы түрлі күштерден қауіп төнген кезде, НАТО әуе қорғаныс жүйелері Түркияға уақытында көмек көрсетпегені үшін қабылдадық» деген болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді