Ақ үйдің жексенбі күні өткізген баспасөз мәжілісінде, АҚШ президенті Дональд Трамп «11 қыркүйек» оқиғасын еске алу рәсіміне алғаш рет Ақ үй басшысы ретінде қатысуға дайындалып жатыр деп хабарланған еді. Яғни, Құрама Штат президенті «11 қыркүйек» оқиғасының 16 жыл толуына орай өткізілетін еске алу шарасына ханымы Мелания Трамппен бірге барып қатыспақ. Бұл туралы Гонконгтың «Доңуаң/Dongwang» сайты жазды.

Қазір, мұхиттың арғы бетінде 11 қыркүйектің таңы атып келеді. Бұл күн күллі америкалықтар үшін аса біртарихи күн саналады. Яғни, бұл күні «11 қыркүйек» оқиғасы лаңкестік шабуылына 16 жыл толғалы отыр. 16 жыл бұрын, лаңкестер ұшақтарды ұрлап шығып, Нью-Йорк сауда орталығы ғимаратына шабуыл жасаған болатын. АҚШ Мемлекеттік департаменттің соңғы мәліметінде "лаңкестік әрекеттен 3 мыңнан астам адам қаза болды" делінген.

Жексенбі күні Ақ үй жасаған мәлімдемеде Трамп пен оның ханымы 11 қыркүйек күні таңертең өткізілетін «11 қыркүйек» оқиғасын еске алу және онда қаза болған құрбандарға үнсіз аза білдіру жиналысына қатысады. Сонымен бірге, Трамп Қорғаныс министрлігінің өткізетін еске алу жиынына да қатысуға ниет білдіріп отыр. Ал, вице-президент Майк Пенс Шансвилль қаласының маңындағы мемориалдық рәсімге қатысады делінген.

“The Qazaq Times”