Қыркүйектің 10-ы күні Ресейдің Петербор қаласында Мьянма мұсылмандарын қолдап шеруге шыққан адамдарды полиция күшпен таратты, деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат көзі.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ереуілшілер Петербор қаласының орталығындағы Сарай алаңына жиналған. Полиция қызметкерлері заңсыз шеруге қатысушыларды тарату барысында жүзден астам адамды ұстап, олардың үстінен әкімшілік хаттама толтырған.
Бұған дейін Грозный, Мәскеу, Махачкала қалаларында өткен шерулерден кейін РФ ұлтаралық қарым-қатынас комитеті Ресейдің басым көпшілігі ислам дінін ұстанатын азаматтар тұратын аймақтағы діни ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізген.
Естеріңізге салайық, Мьянмадағы мұсылмандардың буддистерден қысым көруі Ресейде түрлі толқуларға алып келген болатын. Бір Грозныйдың өзінде орталық алаңға қыркүйектің 4-і күні миллионнан астам адам жиналған. Ал РФ астанасы Мәскеуде мыңдаған адам ел билігіне Мьянмаға байланысты қандайда бір шара қолдануды талап етіп, ереуілге шыққан.
Қыркүйектің төртінен бері шерулердің толастамауына байланысты Шешенстан президенті Рамзан Кадыров өзінің Instagram парақшасында Мьянма мұсылмандарын шерумен емес гуманитарлық көмекпен қолдау керектігін айтып, Ресей мұсылмандарын ереуіл ұйымдастырмауға шақырған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?