АҚШ-та өткен жылдың соңында болып өткен президент сайлауында Хиллари Клинтон жеңіліске ұшырады. Ол осыдан кейін жұрт көзіне сирек шығып жүрді және бір реткі кездесуде өзінің кітап жазып жатқаны туралы айтқан еді. Жақында ғана оның «Қандай істер туды?» деп аталатын естеліктер жинағы жарық көрді. Аталған кітапта ол Обама, Саундерс, Коми және басқа да тұлғаларды өз жеңілісінің басты «айыпкерлері» етіп көрсеткен. Бұл туралы CNN арнасына сілтеме жасай отырып, «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.

Екі күн бұрын аталған телеарна Хилларидың кітабы келесі аптада кең көлемде сатылымға шығарылатыны туралы хабарлады. Ол бұл еңбегінде өзінің сәтсіздіктері туралы талдай келіп: «Кейбір істер өзімнің қателіктерімнен болды. Ал, кейбір проблемалар менің бақылауымда емес еді», – деп жазған.

Хиллари Клинтон өзінің естеліктер жинағында өзінен кеткен қателіктер сәтсіздігінің бір себебі екенін мойындаған. Алайда, Сайлаудың ең соңғы аптасында Комидің электронды поштаны қайталай тексеру ісі сайлаудың нәтижесін түбегейлі өзгерткенін айтады. Ол кітабында Комидің осы бір «қазымырлығы» оның тұрақты лидерлік салауатынан айырып, күдікті дауға ілінген саясаткерге түсіріп қойған. Ол сондай-ақ, Обаманы АҚШ президенттік сайлауына Ресейдің араласуына тиімді жауап бермеген деп айыптады. Міне осының бәрі Хилларидың жеңілісіне әсер еткен.

Ал, Fox News арнасының сайтында жариялануынша, Хиллари "Партия ішінде алғашқы сайлау кезінде, Саундрестің алғашқы майданынан айнып кеткені де жеңілісінің маңызды бір себебі" деп білетіні туралы айтқан. Міне осы негізгі себептерден сырт, Хиллари кейбір америкалық азаматтардағы «жыныстық кемсітушіліктің» де өзіне сәтсіздік алып келгенін меңзейді. Хиллари өзінің АҚШ-тың «бірінші ханымы», сенатор, екі рет президент сайлауының үміткері бола тұра, америкалықтарға ұнамағанын кітабында – «Себебі, мұның бәрі менің әйел болғандығымнан», – деп түсіндіреді.

Сондай-ақ, оның таралғалы тұрған еңбегінде өзінің қызмет кезіндегі сапарлары, кездесулерінен тыс, отбасымен, жұбайы Клинтонмен болған кеңестері де қамтылған. Қазіргі кезде, АҚШ үйдің ішкі дау-дамайына қызығушы  америкалық оқырмандар Хиллари Клинтонның «Қандай істер туды?» атты еңбегін асыға күтіп отыр.

“The Qazaq Times”