Израиль әуе күштері Сүрия әскерлері орналасқан аудандарды бомбылады, деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.
Reuters мәліметінше, Израиль әуе күштері Сүрияның Хама провинциясында орналасқан Башар Асад әскерінің бірнеше нысанын атқылаған. Салдарынан сүриялық екі жауынгар көз жұмған.
Сүрия қарулы күштерінің таратқан ақпараты бойынша, Израиль әуе күштері Масьяф қаласы маңындағы әскери базаларды бомбылаған. Бірақ бұл оқиғаға байланысты ресми Иерусалим тарапы қандайда бір түсініктеме беруден бас тартты.
Айта кететін бір жайт, бұған дейін Изариль бірнеше мәрте Сүрияның ішкі істеріне араласпайтыны жайында мәлімдеме жасаған болатын. Алайда осы уақытқа дейін Израиль Сүрия әскери базаларын ешқандай ескертусіз атқылап келеді.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап