Оңтүстік Кореяда АҚШ-тың ТHAAD әуе қорғаныс жүйесін орнатуға қарсы ереуіл өтті, деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат көзі.
Бүгін қыркүйектің 7-сі күні Сеул қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан Сонджу елді мекенінде АҚШ-тың THAAD құрылғысын орналастыруға байланысты билік шешіміне қарсы шеру өткен. Мыңдаған адам қатысқан ереуілдің соңы жергілікті полиция қызметкерлерімен шерушілер арасындағы қақтығысқа ұласып, салдарынан 38 адам зардап шеккен.
Сонджуда бұған дейін екі бірдей THAAD әуе қорғаныс жүйесі орналасқан болатын. Бірақ бұл жолы ресми Сеул Солтүстік Кореяның сутегі бомбасын сынақтан өткізгенен кейін, ел аумағындағы THAAD құрылғысының санын алтауға дейін арттырмақ.