Дональд Трамп Оңтүстік Кореяның Президенті Мун Чже Инмен Сеулдің қауіпсіздігін нығайту туралы келісімге келді. Қос елдің басшысы Солтүстік Корея Жапонияға қарсы баллистикалық зымыран ұшырғаннан кейін, Оңтүстік Кореяның ракеталық потенциалын арттыру мәселелерін сөз етті. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Осыдан бұрын Солтүстік Корея Жапонияға қарсы "Хвасон-12" зымыранын ұшыруы АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен жыл сайынғы, әскери жаттығуларының соңғы күніне сәйкес келді. Солтүстік Корея бқл жаттығуларды өзіне қарсы шабуылға дайындық деп есептейді.
Қазір Оңтүстік Корея диапазоны 800 км, салмағы 500 кг тең зымырандарды ғана ұстай алады. Корей түбегіндегі жағдай ушыға түсуіне байланысты, Сеул АҚШ-тан сипаттамасы бойынша 1 тоннағаи дейін жететін зымырандарды ұстауға рұқсат сұрады. Пентагон бұл мәселені қайта қарастыратынын жеткізді.
2001 жылы Оңтүстік Корея зымыран технологияларын қадағалау бойынша келісімге қосылған. Оның шарттары бойынша Сеул 300 км қашықтықты ғана еңсере алатын зымыран ұстауы қажет еді. 2012 жылы Солтүстік Корея зымыран сынағын өткізген кезде Оңтүстік Корея зымыран қуатын 800 км-ге дейін арттыру туралы келісімге қол жеткізді. Енді оның қаруынан ұшқан оқ Солтүстік Корея, Жапония мен Қытайдың бірқатар нысандарына жетеді.