Пентагон Ауғанстандағы АҚШ әскерінің саны қанша екенін жариялады, деп хабарлайды CNBC телеарнасы.

Пентагон таратқан мәлімет бойынша, қазіргі таңда Ауғанстан аумағында 11 мың АҚШ сарбазы бар. Бұл көрсеткіш Барак Обама президент болып тұрған кезбен салыстырғанда 2,5 мың сарбазға көп. Ол кезде ресми ақпарат бойынша ауған жеріндегі Пентагон әскерлерінің саны 8400 сарбазды құраған болатын.

Бұдан бөлек Пентагонның ресми өкілі Дана Уайт Ирак пен Сүриядағы АҚШ әскерінің толық құрамы жайында ақпарат беруден бас тартқан. Бұған дейін АҚШ Президенті Дональд Трамп: «Алдағы уақытта Пентагон терроризммен күресуге өзге елдерге жіберген сарбаздарының саны жайында ешқандай ресми ақпарат бермейтін болады» - деп мәлімдеген.

“The Qazaq Times”