Иран президенті Хасан Роухани Сауд Арабиясын террористерді қолдап отыр деп айыптады.

Reuters ақпарат агенттігінің мәліметінше, Роухани журналистер алдына сөйлеген сөзінде: «Сауд Арабиясының Йемен мен Сүриядағы террорлық ұйымдарды қолдауы Теһран (Тегеран) мен Эр-Рияд қарым-қатынасының ушығуына әкеліп соғуда. Екі ел арасы Сауд Арабиясы лаңкестік ұйымдарды қолдауын тоқтатқан күні жақсаратын болады» - деген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Йемен билігі Иранды елде азаматтық соғыстың өртін тұтандырмақ болды деп айыптаған болатын.

“The Qazaq Times”