Оңтүстік Корея әскери әуе күштері Солтүстік Кореямен шекаралас ауданда орналасқан әскери сынақ алаңын бомбылады, деп хабарлайды Ренхап ақпарат агенттігі.
Агенттіктің мәліметінше, Оңтүстік Корея әскери әуе күштері Солтүстік Корея шекарасына жақын орналасқан сынақ алаңын төрт бірдей F-15К ұшағы салмағы бір тоннандан асатын МК-84 бомбасымен бомбылаған. Бұл - Сеулдің Пиоңяңның (Пхеньянның) тамыздың 28-29 қараған түні өткізген зымыран сынағына жауап ретінде жасаған әскери қадамы.
Естеріңізге салайық, тамыздың 28-29 қараған түні Солтүстік Корея кезекті зымыранын сынақтан өткізген болатын. Бұл жолғы Пиоңяң зымыраны Жапония әуе кеңістігі арқылы Тынық мұхиты аумағына барып құлаған еді.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?