Солтүстік Корея кезекті зымыран сынағын өткізді, деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.

NHK телеаранасының мәліметінше, Солтүстік Корея баллистикалық зымыранын ел астанасы Пиоңяңнан (Пхеньян) бірнеше шақырым жердегі Сунан сынақ алаңынан ұшырған. Оңтүстік Корея әскерилерінің хабарлауынша, зымыран әуеге жергілікті уақыт бойынша сағат 5:57-де көтерілген. Ол 550 шақырым биіктікке көтеріліп, 2700 шақырым ұзақтыққа ұшқан.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Солтүстік Корея зымыраны Жапонияға тиесілі Хокайдо аралының үстінен жергілікті уақыт бойынша сағат 6:06 шамасында ұшып өтіп, Тынық мұхитына барып құлаған. Бірақ Жапония әуе қорғанысы күштері өз әуе кеңістіктерінен өткен Пиоңяң зымыранын атып түсіруге ешқандай әрекет жасамаған.

“The Qazaq Times”