АҚШ президентінің Ауғанстандағы америка әскерінің санын көбейту шешімі жарияланған кезде, президент Трамп Ауғанстандағы Талибандарды Пәкістанның қолдап келгенін айтқан болатын. Алайда, Пәкістан үкімет басшылары арасында 5 сағатқа созылған жиналыстан кейін мәлімдеме жасап, АҚШ президентінің Пәкістанды қаралауына қарсылық білдірді. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлады.
Пәкістан Ұлттық қауіпсіздік кеңесі премьер-министр Шахид Хакан Аббаси басшылығында жиналыс өткізді. Олар АҚШ-тың бұл қаралауы Ауғанстан тұрақтылығы үшін еш көмектесе алмайды деген пікірде. Керісінше, Ауғанстандағы террор ұйымдардың бекіністерін жою міндеті бар екенін ескертті.
Мәлімдемелерінде Ауғанстан соғысы ешуақытта Пәкістанда жүргізілмейтіні айтылды. Пәкістан Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің көзқарасында, Пәкістандағы террорлық шабуылдардың артып кетуінде АҚШ-тың жауапкершілігі бар деп қарайды. Себебі олар: "АҚШ Ауғанстандағы және өңірдегі Террорлық ұйымдардың бекіністерін тазарта алмай отыр" дейді.
“The Qazaq Times”