Атырау облысының ауданаралық соты «Халифат сарбазы» лаңкестік ұйымының көшбасшысы Дамир Зыналиевты 20 жылға бас бостандығынан айырды.
Атырау облысы сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Зыналиев 2011 жылдың шілде айында Пәкістан аумағында қазақстандық екі азаматпен, бельгиялық бір азаматпен бірігіп «Халифат сарбазы» (Джунд әл-халифат) лаңкестік ұйымын құрған. Террорлық ұйымға Қазақстан, Тәжікстан және араб елдерінің азаматтарын мүшелікке қабылданған.
Дамир Зыналиев 2011 жылдың 12-ші қыркүйегі мен 2-ші қазаны аралығында М.У және Ж.Х есімді азаматтармен бірігіп Алматы қаласында орналасқан СІМ мен ІІД-нің ғимаратына лаңкестік шабуыл ұйымдастырған. Дәл осы жылы қазанның 28-і мен 30-ы күндері аралығында Атырау қаласының әкімшілігі мен прокуратура ғимаратында жарылыс жасауға көмектескен.
Соңғы сот отырысында айыпталушының жасаған қылмыстары толықтай дәлелденген және Зыналиевтың өзі де осындай қылмыстарға барғанына өкінетінін айтқан.
Естеріңізге салайық, Дамир Зыналиев 2017 жылдың басында Ауғанстан аумағында қолға түсіп, Қазақстанға экстардицияланған болатын.