АҚШ-тың Майамидегі федералдық апелляциялық сотының шешімі бойынша, судьяның Facebook парақшасында адвокаттармен, өзге де пайдаланушылармен достасуына рұқсат етілді. Сәрсенбіде шығарылған бұл шешім АҚШ-тағы сот процесі мен судьялар арасындағы әлеуметтік медиа қатынастардың заңдылығына қатысты соңғы шешім болып табылады. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлады.
Осыған дейін АҚШ заңы «виртуалды достық» анықтамасына басқаша қарап келдген. Айталық, олар судьяның әлеуметтік желілердегі достарымен болған қарым-қатынастың сот шешіміне әсерін тигізуіне алаңдап келген. Алайда, судьялардың әлеуметтік желілерде «виртуалды достарының» көбеюін заңдық жақтан шектеу орынсыз деп қарады.
Америкалық адвокаттар қауымдастығы 2013 жылы әлеуметтік медианы пайдалану туралы судьяларға ескерту жасаған болатын. Қауымдастық «Іскерлік әдеп кодексінде», әлеуметтік медиа судьялардың өзгелермен айрықша байланыста болуына көмектеседі деп қаралған. Әрі, судьялардың «достыққа қосу», «бөлісу», «ұнату» секілді әлеуметтік желідегі қимылдары қадағалауға ұшыраған.
Флорида штатының үшінші аудандық сотының үш адамдық судья тобымен шығарған шешім бойынша, Facebook-тегі достарымен қарым-қатынастары судьяның шешіміне әсер етпейді деп табылды. Себебі, бүгінгі қоғамда Facebook қатарлы әлеуметтік желідегі «достық» қарым-қатынас нақты өмірде пайдаланушының жақындық дәрежесін түсіндіре алмайды деп қарайды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?