Президент Дональд Трамп пен Конгрестің арасындағы турбулентті (құбылмалы, әр бағыттағы) қарым-қатынас жаңа деңгейге жетті. Егер оның Мексика шекарасына қабырға тұрғызу ісіне қаржыландыру міндеттемесі орындалмай жатса, заң шығарушылар бұны заң арқылы бекітуге әзір.

Трамп және Сенат өкілдерінің лидері Митч МакКоннелл (Mitch McConnell) қатынастары бірнеше апта өтсе де бұл мәселеден айналып өтті. Сенат басшысы болса, Трамптың заңнамалық күн тәртібін жетілдіруде соңғы рөл ойнады.

«Нью-Йорк Таймс» (The New York Times) басылымының таңғы жаңалықтар қатарында АҚШ-тың Ауғанстанда әскер санын көбейтуі туралы тақырып қозғалды. Аталған басылым «Ауғанстан соғысы үшінші америкалық президентті ұятқа қалдырды» деп жазды. Басылымның бүгінгі санында 16 жылдан бері Ауғанстанда міндетін өтеген АҚШ жауынгерлерінің өмірі туралы көлемді сараптама жарияланды.

Сараптамада: «Ауғанстандағы америкалық соғыс - Құрама Штаттар тарихындағы ең ұзақ және ең қымбат әскери операциялардың бірі. Дегенмен, талибтерден елдің көптеген бөліктері тазартылды. Бірақ, Талибан мен «Ислам мемлекеті» сияқты жақтастары жауынгерлерімізге жиі шабуыл жасайды», – делінген.

Соғыс туралы зерттеу институтының Ауғанстандағы сарапшысы Кэйтлин Форрест "Ауғанстан армиясында әлі күнге дейін Талибанның бақылауындағы  үлкен аумақтарды қайтарып алуға қажетті жұмыс күші де, жабдықтар мен жаттығулары да жеткіліксіз" деп көрсетті. Президент Трамп дүйсенбіде Ауғанстанға соғыс қақтығысын аяқтау стратегиясының бір бөлігі ретінде қосымша әскерлер жіберетінін жариялады.

Дегенмен, Трамптың жасаған жоспары Барак Обамамен ұқсас болып шықты. Айталық, терроризмге қарсы күресте ауғанстандық әскерлерді тәрбиелеп жұмсауға көбірек басымдық береді. Бірақ, Трамптың көтерген ұраны Обама кезіндегіден жағымды естіледі. Ол: «Біз мемлекетті өзгертпейміз, тек террористерді жоямыз», – деген болатын.

Айта кетейік, Кабулда мамыр айынан бері 150 адамды өлтірген лаңкестік шабуылдар АҚШ-тың 2001 жылы басталған шабуылынан бергі ең көп өлім-жітім болған шабуыл еді.

“The Qazaq Times”