Израиль барлау қызметі «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының қатарында этникалық еврейлердің соғысып жүргенін анықтадығ деп хабарлайды The Times of Israel ақпарат көзі.
Израильдің «Шин Бет» барлау қызметінің тексерулері бойынша, «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының қатарында екі бірдей этникалық еврей, Израиль азаматтары соғысып жүр. Олардың бірі 32 жастағы ер адам мен 28 жастағы әйел адам. Екеуі де Израильге бала кездерінде Кеңестер одағынан көшіп барған.
Қазіргі таңда «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының қатарында 19 Израиль азаматы бар. Олардың басым көпшілігі этникалық арабтар. Израиль Ішкі істер департаментінің басшысы Арье Деридің айтуынша, осы уақытқа дейін Сүрия аумағында соғысып жүрген 19 адамның біреуі өлген. Ал қалған 18 адамды жақын уақытта Израиль азаматтығынын шығармақ.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?