Өзбекстанадағы Тәжікстан тыңшысы 10 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды centralasian.org ақпарат көзі.
Өзбекстанның әскери соты Сырдария облысының Шырын (Shirin) қаласының тұрғыны 36 жастағы Алена Кимді Тәжікстанға тыңшылық қызмет істеді деген айыппен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Алена Ким. Фото: ca-news.org
Алена Кимнің қорғаушысы Надежда Пактың сөзінше, Өзбекстан әскери соты Кимдің Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 157 бабы (мемлекетке опасыздық жасау) бойынша соттаған. Алена Ким бұған дейін Өзбекстан Ішкі істер министрлігіне қарасты әскери күзет басқармасында қызмет атқарған. 2004-2005 жылдары аралығында тиісті органдардың рұқсатынсыз құрбысы Зулия Халимовамен Тәжікстанға барған. Тергеу барысында Халимова Кимге қарсы түсінкітеме берген.
Өзбекстан әскери соты Халимованы да Тәжікстанға тыңшылық қызмет істеді және мемлекеттік шекарадан заңсыз өтті деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды